Рет қаралды 20,581
Қазіргі күні ішкілікке салынып, бала-шағасының тәрбиесіне жауапсыз қарайтын ата-ана қоғамның дертіне айналып отыр. Дастарханға нан емес, шөлмектегі ішімдігін қоятын үйден береке кетеді, ұрыс-керіс, дау-жандал көп болады. Мұның бәрі үйдегі балалалардың психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Олар ата-анасының ішімдікке құмар екендігіне намыстанып, сыныптастарының алдында қатты ұялады. Қатарымен тең дәрежеде ойнап-күле алмай, өз-өздерінен қуыстанып жүретін болады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-анасынан дұрыс тәрбие көрмеген балалар бірте-бірте жаман әдетті бойына үйір ете бастайды. Өтірік айтуға дағдыланады, ұрлық жасай бастайды. Кейбіреуі ата-анасынан көргенін жасап, ішімдікке ерте бастан салынады. Біздің мақсатымыз - қоғамда аракідік болса да кездесетін осындай отбасыларға бағдарлама арқылы ой салу, ата-анасына дұрыс жол көрсету.