Рет қаралды 10,043
Бұл серияда қыз баланың тәрбиесіне көп мән беру керектігі сөз болады. Себебі қызды тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қазақ халқы қызды қонақ деп төрге отырғызып, оған ертеңгі ана деп қараған. Алақанына салып аялап өсірген аяулы гүлінің әркімнің қолында кетіп, арам шөпке айналмасы үшін қызды қырық үйден тыйған. Дегенмен қазір адам да, заман да өзгерді. Бүгінгі күні қыз баланың тәрбиесі қалай боп жатыр? Оларды қазір ата-анасы емес, теледидар мен ғаламтор тәрбиелеуде. Жұмысбасты әке-шешеде қызын тәрбиелеп отыратындай уақыт жоқ. Үйдегі қызының түздегі қылығынан бейхабар олар қызының тамағын, киімін түгендеп бергеніне мәз. Ал әлеуметтік желіден топ болып төбелескен оқушы қыздарды көріп, жаға ұстайсыз. Олар бір-бірінің шашынан сүйреп, былапыт сөздер айтып, сыныптастарын ұрып-соғып жатады. Осыдан-ақ қазақ қызы тәрбиесінің кері кеткенін байқауға болады. Әлеуметтік желіде жиі жарияланатын мұндай бейнежазбалар көпшіліктің наразылығын тудыруда. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін не істеуіміз керек? Бұған кінәлі кім? Қоғам ба, ата-ана ма? Бұл жөнінде бағдарламаға шақырылған сарапшы мамандар өз ойларын ортаға салады.