Рет қаралды 13,706
Қазіргі заманда жасөспірімдер арасында қауіпті ойын түрлерін ойнау белең алып барады. Олар қауіпті ойын ойнауды батылдықты, жолы болғыштықты дәлелдеудің тәсілі деп түсінеді. Ғаламторда тез танылудың оңай жолы көреді. Олар интернеттегі «ажал тобы» деп аталатын топқа қосылып, өз-өздерінің өмірін қиюға дейін барады. Жүріп келе жатқан көлік алдынан әдейі жүгіріп өту, биік ғимараттардың шатырына шығып жарысу, дүкендерден әдейі зат ұрлап алып шығу, бір-бірінің үстін әдейі өртеу, жүріп бара жатқан метро вагонына не қоғамдық көлікке жабысу - адамның өңі түгіл түсіне кірмеген қауіпті ойындар. Шетелден біздің елге жеткен паркур, джампинг, руфер, планктинг секілді қауіпті ойындар да жеткіншектер өміріне қауіп төндіреді. Психологтар әлеуметтік желілердің жасөспірімдер санасына қалай әсер ететінін жақсы біледі, сол себепті олардың қауіп-қатерден қорықпайтынына алаңдаулы. Сарапшылардың пікірінше, жеткіншектер ата-аналары мен жақын-жуықтарының назарын өзіне аудару мақсатында осындай әрекетке баратын көрінеді. Бұл ойындардың зиян екендігі осы бағдарлама барысында қонақтар мен психологтар арасында сөз болады.
#СанСауал #НТК