Рет қаралды 7,382
Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі - интернет. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері өмірімізді ғаламторсыз көз алдымызға елестетудің өзі қиын. Ақпараттық және технологиялық прогресс көптеген ыңғайлылық пен артықшылықтар әкеліп қана қоймай, жаңа қиындықтар туғызды. Олардың бірі - виртуалды қарым-қатынас. Жасөспірімдер де қазіргі заман жетістігін жақсылап меңгерген. Әсіресе қыз балалар үшін бұл - өзі армандаған махаббатын кездестіруге зор мүмкіндік. Алайда мұндай таныстықтың соңы көп жағдайда сәтсіз аяқталып жатады. Виртуалды махаббаттың ең басты келтірер зияны - тәуелділік. Жасөспірімдер айналасындағы шынайы дүниені ұмытып, виртуалды әлемге басыбайлы тәуелді болады. Салдарынан сабақ үлгерімі төмендеп, күйзеліске ұшырауы мүмкін. Мұндай күйге тап болған жеткіншекке маңайындағы адамдармен араласу оңай болмайды. Интернет арқылы қарым-қатынас адамның шынайы өмірде өз тағдырын қалыптастыруына кедергі болуы мүмкін. Сондықтан көбісі психологтың көмегіне жүгінеді. Бағдарламаға қатысатын қонақтар мен психологтар осы тақырып төңірегінде ой бөліседі.