Рет қаралды 423,004
Бүгінгі күннің трагедиясына айналған тағы бір мәселе - қыз балалардың ерте жүкті боп қалуы. Жасыратыны жоқ, бұл күні жеткіншек қыздардың ерте жастан құрсақ көтеруі жиіледі. Ойнақтап жүріп от басатын қыз балалар көбейді. Мұндай жағдайдың етек алуына кім кінәлі? Бой жетіп үлгермеген жеткіншек қыз ба, қызына «қырық үйден тыйым салмаған» ата-анасы ма? Әлде дамыған қазіргі заманымыз кінәлі ме? Аяғының ауырлағанын білген жасөспірім қыз психологиялық тұрғыда қатты зардап шегеді. Себебі көп жағдайда сөз байласқан жігіті уәдесінен тайқып кетеді. Ата-анасына айтайын десе, ұрыс естігісі келмейді. Өзі де әлі бала болған соң құрсағындағы сәбиге деген жауапкершілікті сезінбейді. Өрімдей жас қыздардың басына түскен қасірет олардың өмірінде өшпестей сызат қалдырады. Кейбіреуі жасанды түсік жасатуға мәжбүр болады. Ал енді бірі баланы өмірге алып келеді. Мұның салдары не болады? Ерте жүкті болудың зияны бар ма? Олар дені сау ұрпақты дүниеге әкеле ала ма? Ерте жүкті болғандарға заңдық тұрғыда шара қолдану керек пе, жоқ па? Бағдарлама қонақтары мен психологтар осы тақырыпты талқылайды.